Антиплагиатқа тексеруден қалай өтеді

Мен біздің жұмыс процестеріміз бен инфрақұрылымымызды жетілдіретінімізді бірнеше рет айтқан болатынмын.

Осы оқу маусымының басында біз толық жаңартылған бағдарламалық қамтамасыз етуді және неғұрлым қуатты серверлерді пайдалануға бердік. Жаңа енгізілімдер нәтижені күту уақытын бірнеше секундқа дейін елеулі қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл жетістігімізге қуанбадық деп те айта алмаймыз :)

Бүгінгі постымызға бір клиентіміздің қолдау көрсету қызметіне жүгінуі себеп болып отыр. Ол сервис «толыққанды емес» қызметтер ұсынады, өйткені файлды өңдеу небәрі 15 секунд алды, ал «басқаларда» 2-3 минут күту керек. Біздің сервис сенімдік тудырмайды-мыс: мұндай қысқа уақытта сапалы қызмет көрсету мүмкін емес деп жазған болатын. Мен өзім оған жеке жазған болатынмын, ал қазір, осы постымда бұл сұраққа сәл нақтырақ жауап бергім келіп отыр.  Айтпақшы, осы постқа сілтемені жіберіп қойғам. 

10-15 секунд...

Ал сіз осы бірнеше секундтың ішінде серверлер сіздің файлыңызбен мыңдаған операциялар жасай алатынын білесіз бе? Бірнеше саты, сүзгіден өткізу, тексеру, талдау...

Бұл операцияларды орындау жылдамдығы серверлердің қуаттылығына байланысты. Ал, егер біздің инфрақұрылымды әлсіз ноутбуктарда ашатын болсақ, онда сіздің файлыңыз бірнеше минут өңделген болар еді.

Жұмыстың жылдамдығы сапаға ықпал ете ме?

Жауап беремін: жоқ.  Лампалы телевизорлар заманы естеріңізде болар. Егер ол кезде өмір сүрмесеңіз де – оларды көрген боларсыз. Көлемі 100*50*50 см лампалы телевизор мен кішкене ғана қалта смартфоныңызды салыстырып көріңіз.Сіздің смартфоныңыз алғашқы компьютерлерге қарағанда бірнеше есе қуаттырақ.  Сіз смартфоныңызға сенемін деп айта аласыз ба, ол тез, шусыз жұмыс істейді және ол кішкентай ғой? Ал, лампалы телефизорге сенім мол және ол сенімді: ол үлкен, массивті, шумен жұмыс істейді – сапалы екені көрініп (естіліп) тұрады! 

Кинескоп посадишь

Технологиялар бір орында тұрмайды және оны қабылдау керек. Біз өзімізді жетілдіріп отырамыз, уақытпен қоян-қолтық келеміз. 

Біз атқарылған жұмысымыздың сапасына 100% кепілдік береміз, егер бірегейлігін көтермесек, ақшаңызды қайтарып беруге дайынбыз. Бірақ ондай жағдайлар болған емес. 

Бірнеше секундта сапалы өңдеу деген ғажайып деп ойлайсыз ба? Мүлде олай емес. Тексеріп көріңіз, өзіңіз көз жеткізесіз. 


Сізді қызықтыруы мүмкін:

Басқа блог жазбалары